Балқаш қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіздер!
Сайт халықтың ақпарат алуы және депутаттармен интерактивті байланысқа түсуі үшін құрылған, мұнда сіздер жергілікті өкілетті органның қызметімен, депутаттар қабылдаған нормативті-құқықтық актілермен таныса аласыздар.
Біздің сайт беттерінен Сіздер Балқаш қалалық мәслихатының жүргізіп отырған жұмыстары туралы, қала және округтердің ахуалы мен тың өзгерістері жайлы жаңалықтарды, қажетті ақпараттарды білуге болады.
«Сұрақ-жауап» бөлімінде Сіздер қалалық мәслихат басшылығымен және депутаттарымен пікір алмаса аласыздар. Әрбір сайлаушының депутатқа көкейдегі сұрағын қойып, жауабын алуға мүмкіндігі бар.
Балқаш қалалық мәслихатының ресми сайты сайлаушылармен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, жергілікті және өзін өзі басқарудың мәселелерін шешуге халықтың кеңінен араласуына ықпал етеді деген сенімдемін.
Құрметпен,
Балқаш қалалық мәслихатының хатшысы Қадыржан Тейлянов.