«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Балқаш қаласы учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізілуі туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылғы 1 қыркүйегіен 15 қыркүйегіне дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.(эл.пошта:Balgormaslihat@mail.ru)
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3.
Қалалық мәслихаттың хатшысы – Кадыржан Гейнятович Тейлянов.
Материалдарды жинауға жауапты: Бейсикенов Дидар Мұратұлы – қалалық мәслихат аппаратының бөлім басшысы, Жарас Оразханұлы Мұқатаев– бас маман-заңгері, жұмыс тел. 4-02-34, 4-90-05, 4-05-28, каб. 220, 205, факс тел.4-19-84, электрондық поштаның мекен-жайы: balgormaslihat@mail.ru.
Балқаш қалалық мәслихаты мынадай сайлау комиссияларын құрайды:
1. Балқаш қалалық сайлау комиссиясы: Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5
2. Учаскелік сайлау комиссиялары
Учаскелік сайлау комиссиялары келесі учаскелері бойынша:
№ р/б |
Сайлау округінің атауы мен нөмірі |
Мекен-жайы |
Орналасқан жері |
|
Балқаш қаласы |
||||
1 |
№177 |
Сейфуллинкөшесі,5 |
"Жалпы білім беретін№9орта мектебі" КММ |
|
2 |
№179 |
Шашубай мөлтекауданы, 11а |
"Балқаш қаласының А.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі" КММ |
|
3 |
№183 |
Ленин көшесі, 56 |
"М.Горький атындағы жалпы білім беретін №1 орта мектебі" КММ |
|
4 |
№184 |
Желтоқсан көшесі, 17 |
"Жалпы білім беретін№5орта мектебі" КММ |
|
5 |
№186 |
Желтоқсан көшесі,23 |
«Балқаш қалалық медициналық колледжі» КМКК |
|
6 |
№187 |
Чайковский орамы, 16 |
«Балқаш қалалық жас-өспірімдер спорт мектебі» КММ |
|
7 |
№188 |
Сәтпаев мөлтекауданы, 1 |
"С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ |
|
8 |
№189 |
Сәтпаев мөлтекауданы, 1 |
"С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ |
|
9 |
№190 |
Сәтпаев көшесі, 5 |
"М.П.Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп-интернаты" КММ |
|
10 |
№192 |
Сванкулов орамы, 20 |
"№2 Абай атындағы лицей" КММ |
|
11 |
№197 |
Сәбитова мөлтекауданы, 1 |
"Лингвистикалық бағыттағы жалпы білім беретін №16 орта мектебі" КММ |
|
12 |
№198 |
Қараменде би көшесі, 31 |
«Дене шыңықтыру – сауықтыру кешені» КМҚК |
|
13 |
№200 |
Ағыбай батыр көшесі, 32 |
"Оқушылар сарайы" КМҚК |
|
14 |
№207 |
Балқаш станциясы Заслонова көшесі, 1 |
"Жалпы білім беретін№24орта мектебі" КММ |
|
Балқаш қалалық
мәслихатының хатшысы Қ. Тейлянов