Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда77947
Бір айда8020
Бір аптада1842
Кеше345
Тәулік41
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
Жаңалықтар
"Тәрбие жөніндегі директор орынбасарының басқарушылық қызметі" онлайн семинар
25-05-2020 17:07
Май ауданымен кәсіптік қолдау және ынтымақтастық жоспарына сәйкес 21 мамыр күні директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Бакирбекованың ұйымдастыруымен қашықтық семинар өткізілді. "Тәрбие жөніндегі директор орынбасарының басқарушылық қызметі" тақырыбында өткен семинарға тәрбие жөніндегі директор орынбасарлары қатысып, маңызды мәселелер бойынша пікір алмасып, мектеп құжаттарын жүргізу бойынша кеңес алды.
Математика пәнінен кезекті ҰБТ-ға дайындық вебинары
25-05-2020 16:54
Математика пәнінен кезекті ҰБТ-ға дайындық вебинары
Гимназияның Май ауданына кәсіптік қолдау және ынтымақтастық жоспарына сәйкес 21 мамыр күні Муканова Бақытгүл Кадыровна математика пәнінен кезекті ҰБТ-ға дайындық вебинарын өткізді.
"Оқушыларды ғылыми жоба жазуға бейімдеу" вебинары
25-05-2020 16:18
Гимназияның Май ауданына кәсіптік қолдау және ынтымақтастық жоспарына сәйкес 19 мамыр күні гимназияның мұғалімдері Тулеубаева К. Б. және Альдекенова А. Т. аудан мұғалімдеріне "Оқушыларды ғылыми жоба жазуға бейімдеу" тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар соңында әріптестер өздерін толғандырған сұрақтар қойып, мәселелерімен бөлісті.
"Психологтың мектептегі дарынды, қабілетті оқушылармен жұмыс түрлері" атты семинар
25-05-2020 16:00
Гимназияның Май ауданына кәсіптік қолдау және ынтымақтастық жоспарына сәйкес 18 мамыр күні мектеп психологтарына арналған семинар өтті. Тақырыбы: Психологтың мектептегі дарынды, қабілетті оқушылармен жұмыс түрлері. Семинар соңында әріптестер өздерін толғандырған сұрақтар қойып, рефлексия жасалды.
Гимназияға 2020-2021 оқу жылына оқушыларды қабылдау туралы ақпарат
17-05-2020 17:38
Гимназияға 2020-2021 оқу жылына оқушыларды қабылдау туралы ақпарат
2020-2021 оқу жылына 1-сыныптар (қазақ тілінде) бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға 15 мамырдан 17 маусым (сағат 18.00-ге дейін) аралықтағы мерзімде өтініш қабылданады. 2020 жылының 22-24 маусым аралығында (сағат 9.00-11.00-ге дейін) 1-сыныптарға қабылдауға конкурстық іріктеу жүргізіледі. Қосымша мәліметті мына телефондар арқылы алуға болады: 871837-6-42-94, 87779392338 (сағ.9.00-16.00 дейін)
Республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасының жүлдегерлері
15-05-2020 23:23
Республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасының жүлдегерлері
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасында гимназияның 7-сынып оқушылары Зейнеп Арын-Рашид, Шайфуллина Анель және Сәду Дария ІІІ орынға ие болды. Талапты оқушыларымызды және ұстаздарын құттықтаймыз!
Биология пәнінен ҰБТ-ға дайындық вебинары
15-05-2020 23:16
Биология пәнінен ҰБТ-ға дайындық вебинары
Май ауданына кәсіптік қолдау және ынтымақтастық жоспарына сәйкес 13 мамыр күні гимназияның биология пәнінің мұғалімі Муханова Умит Кабиденовна биология пәнінен ҰБТ-ға дайындық вебинарын өткізді.
Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындық вебинары
15-05-2020 23:13
Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындық вебинары
Май ауданына кәсіптік қолдау және ынтымақтастық жоспарына сәйкес 12 мамыр күні гимназияның физика пәнінің мұғалмі Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна физика пәнінен ҰБТ-ға дайындық вебинарын өткізілді.
Аудан мектерін қолдау жұмыстары жүргізілуде
15-05-2020 23:03
Аудан мектерін қолдау жұмыстары жүргізілуде
Гимназияның «2019-2020 жылдарға арналған өзара әрекеттестік және қолдау жоспары» негізінде Май ауданының ұстаздарына арналған «Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары және қашықтықтан оқыту кезіндегі психологиялық жұмыстың ерекшеліктері», «Құндылыққа бағдар: Тәрбие үдерісіндегі инновация», «Жаратылыстану-математика, гуманитария бағытындағы пәндерді қашықтықтан оқыту ерекшелігі» атты ZOOM платформасы арқылы семинарлар өткізілді.
І Республикалық "Кемеңгер ұстаз" олимпиадасының жүлдегерлері
15-05-2020 22:50
 І Республикалық
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан І Республикалық "Кемеңгер ұстаз" олимпиадасына қатысқан ұстаздарымыз жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз!
Республикалық онлайн-байқауларының жүлдегерлері
15-05-2020 22:30
 Республикалық онлайн-байқауларының жүлдегерлері
Гимназиямыздың психологы Шаймарданова Назигуль Тусуповна, өзін-өзі тану мұғалімдердері Бакирбекова Гульбану Абусыздыковна және Кушова Ақмөлдір Сагинбаевна, дене шынықтыру мұғалімі Мухитова Айсулу Бокенбаевна, бастауыш сынып мүғалімі Амренова Арман Балгабаевна республикалық онлайн олимпиадаларға қатысып жүлдегер атанды.
"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" блиц-турнирінің жүлдегерлері
15-05-2020 22:05
Ustaz tilegi Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" блиц-турнирында бастауыш сынып мұғалімдері Елубаева Мария Сейсеновна және Амренова Арман Балгабаевна І орын иегері атанды.