Құрметті балқаштықтар!

                                    Құрметті  балқаштықтар!

        Сізді халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүректен  құттықтаймын!

         Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы, ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған.

Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.  

Осы күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!

Ізгі тілекпен,

Балқаш қалалық

мәслихатының хатшысы                                                  Қ.Тейлянов