ҚҰРМЕТТІ БАЛҚАШТЫҚТАР!

ҚҰРМЕТТІ БАЛҚАШТЫҚТАР!

 

Сіздерді мемлекеттік мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Осыдан 23 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл жалпыұлттық уақыт әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие. Біз бәріміз — осы кезеңде елімізде болған ауқымды жаңарулардың куәсіміз.

Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік: нарықтық экономиканы құрдық және демократиялық қоғамның негізін қаладық. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды.
Конституция осы жылдар ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Алайда, осымен оның әлеуеті сарқылмайды.

Сізді осы айтулы мерекемен құттықтай отырып зор денсаулық, отбасыңызға береке мен бақыт тілеймін! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы одан әрі гүлдене берсін!

 

 

 

Балқаш қалалық мәслихаттың хатшысы             

Қ.Тейлянов