Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда77962
Бір айда8035
Бір аптада1857
Кеше345
Тәулік56
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
ҰОС ардагері Джамалбаев Сағат Жаналақұлы
28-02-2015 07:11
ҰОС ардагері Джамалбаев Сағат Жаналақұлы

Адамзат өмірінде өшпес із қалдырған, жүрегінде басылмас сыз қалдырған  Ұлы Отан соғысының  бүгінгі бейбіт өмір сүріп жатқан әрбір отбасына қатысы бар деуге болады.  Өйткені  әрбір жанұяның арғы атасы, атасы не әкесі осы соғысқа қатысқан. Шырт ұйқыда жатқан бейбіт халықтың тыныштығын зеңбірек гүрсілімен, ашулы ұшақ ызыңымен, танкілердің дүрсілімен бұзып, адамзатқа қайғы әкелген бұл  соғысқа  менің  атам, Джамалбаев Сағат Жаналақұлы,  Павлодар облысы Каганович ауданы Ленин ауылдық кеңесінің Ленин орта  мектебін  1941 жылы маусым айында үздік аяқтап,  соғыстың алғашқы  күндері алғашқы эшалонмен  Отан қорғауға аттанып кетеді.

Сол кезде ешқашан жеңіліске ұшырамаған Неміс басқыншылары туралы аңыз да пайда бола бастады. Алдына келгенін жайпап, табанына келгенін таптап, үлкен-кіші демей, ажал құштырып, еңсесі түспей,  қаланы,  даланы жаулап, отқа орап  келе жатқан  гитлер әскерінің  сағы сынған, аңызы адырап, желісі үзіліп, қанжылаған сәті - ол Сталинград түбінде болған ауқымды шайқас  еді.  Осы тарихи мәні зор шайқасқа иманы берік,  асық ойнап,  көкпар тартқан,  ауылының түтініне,  жусанның иісіне жаны ысталған,  қазақи тәрбие ана сүтімен етінен өтіп, сүйегіне дарыған, адамға мылтық түгілі таяқ кезенбеген, туған елдің қадірін жете білген менің атам да жанпидалықпен қатысты. Бұл шайқаста, яғни Сталинградты қорғауда табандылық пен қаһармандық көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 1942 жылғы 22 желтоқсандағы Жарлығымен "За оборону Сталинграда" медалімен марапатталды. Ұлы Отан соғысына қатысқан ел қорғаушы әрбір азаматты батыр деп таныған дұрыс болар. Атамның ерліктері жайлы айтатын болсақ бір параққа сыймайды-ау, тіпті қос парақ та аз болар. Десек те, мұрағаттық құжаттардан алынған, Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналып, "Партийная жизнь Казахстана" саяси журналында 68 бетінде жарық көрген, атамның тағы бір ерлігі жайындағы деректі тарихи құжат болғандығы үшін түпнұсқа тілінде жариялағым келіп отыр. "Из донесения начальника политотдела 5-й танковой армии начальнику политуправления Юго-Западного фронта о боевых подвигах воинов-казахов. 23 февраля 1943г."

"В составе нашей армии имеется значительная часть бойцов-казахов. Вместе с русскими воинами и другими народами СССР, сплоченные дружбой народов, великой идеей советского патриотизма-защиты своего социалистического Отечества-громят они немецко-фашисткие войска, очищают от них Советскую Родину.

Отличился в боях командир орудийного расчета 179 ИПТАП, награжден медалью "За боевые заслуги" недавно принятый в кандидаты ВКП(б) ст. сержант Джамалбаев Сагат...

5 февраля с. г. на участке, обороняемом орудием ст. сержанта Джамалбаева, пошли в атаку 10 немецких танков. Первыми же выстрелами тов. Джамалбаев уничтожил головной немецкий танк. Остальные танки повернули обратно. Вскоре немецкие танки начали снова атаковать орудие. Одновременно немецкие минометчики открыли по нему огонь. Минометным огнем врага весь расчет орудия был выведен из строя, оставшись один, ст. сержант Джамалбаев продолжал отбивать атаки врага. Прибывший шофер Сартаков помог ему вывести орудие в безопасное место. Переменив позицию, тов. Джамалбаев продолжал вести огонь по немецким танкам. Ему было прислано пополнение из разведчиков, которые помогли удержать занятый рубеж.

В ночь на 6 февраля ст. сержант Джамалбаев вместе с расчетом занял оборону и зорко нес вахту. На рассвете пошли в атаку 5 немецких танков, 2 бронемашин и 30 автоматчиков. Коммунист Джамалбаев призвал своих товарищей драться до последнего снаряда, до последнего патрона, но врага не пропустить. Когда вражеским снарядом было выведено орудие из строя, тов. Джамалбаев организовал круговую оброну. Бойцы вели огонь по вражеским автоматчикам из винтовок и ППШ. Благодаря самоотверженности храбрых артиллеристов, атака гитлеровцев была отбита. Все бойцы расчета вместе с отважным командиром были ранены, но ни один не отступил. В этих боях орудие ст. сержанта Джамалбаева уничтожило 3 вражеских танка. Все бойцы славного орудийного расчета представлены к правительственным наградам." 

Міне, ардақты ағайын, атамның жарқын бейнесін есте сақтай отыра, атамды мақтан  тұтамын. Аспаны ашық, бейбіт, тәуелсіз елде өмір кешіп жатқан Еліме, жалпы жер бетіндегі адамдарға тілейтінім күлкіміз күміс, ұйқымыз тыныш болсын!  

Джамалбаева Азалия 11-сынып оқушысы