Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда77945
Бір айда8018
Бір аптада1840
Кеше345
Тәулік39
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
ҰБТ-ға дайындық бағытындағы тәлімгерлік семинар
05-01-2016 14:57

2016 жылдың 4-қаңтар күні Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясында «ҰБТ-ға дайындық бойынша аудандарды бекіту» туралы «Павлодар облысы Білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.М.Бексеитованың  26 қазан 2015 жылғы №365 бұйрығын жүзеге асыру барысында «Ақтоғай, Май ауданы мектептерімен ҰБТ-ге дайындықты ұйымдастыру бойынша тәлімгерлік жұмыс» тақырыбында пәндік-консультациялық семинар өткізілді. Семинарға Ақтоғай ауданының  Харьков, Агрономия, Тіленші, Абай, Ыдырысов, Нығманов орта мектептерінен 19 мұғалім, Май ауданының А.Иманов атындағы лицей мектебі мен Көктөбе, Жалтыр,  Саты, Май, Малайсары  орта мектептерінен 17 мұғалім, жалпы 36 мұғалім қатынасты.

Ақсу гимназия директоры Касенова Мария Абдукадировна қатысушыларды семинарды өткізудің мақсат-міндеті және жұмыс барысымен таныстырды. Семинарда математика, физика, биология, Қазақстан тарихынан пәндік-консультациялар жүргізілді.

Атап айтқанда, физика пәнінен Алмагүл Серікбаевна Кабылбекова «Кинематика» бөліміндегі «Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы», «Траекторияның қисықтық радиусы», «Қозғалыстың салыстырмалылығы» тақырыптары бойынша күрделі есептердің шығару жолын түсіндірді.

 Семинарға қатысқан мұғалімдердің сұранысы бойынша динамикадағы есептерді шығару алгоритмі талданды. Келесі семинарда мұғалімдер «Оптика», «Кванттық физика» тақырыптарынан есептерді талдауға сұраныс білдірді.

Математика пәнінен Салима Васильевна Давлятчина ҰБТ-ге дайындық барысында оқушылардың мәселе есептерді шығару процесінде кестелік нысан олардың шешімін іздеп табудың тиімді моделі болатынын ескеріп, есептің кесте түрінде жазылуы басқа түрлерге қарағанда анығырақ, байқап қарауға жеңіл және шамалар арасындағы функционалдық тәуелділік айқын көрінетініне мән берді. Осы негізде сызықтық теңдеулер, бөлшек рационал теңдеулер және теңдеулер жүйесін құру арқылы шығарылатын есептер нұсқаларының шешу тәсілдерін талдады.

Биология пәнінен Үміт Кабиденовна Муханова тест тапсырмаларының түрлері, логикалық тапсырмалар, оқушылардың жылдам ойлау қабілетін дамытуға арналған ашық тест тапсырмаларының нұсқаларын көмек ретінде ұсынып, 7-сынып зоология курсы бойынша оқушылардың білімін тексеру жолын дәлелдеп көрсетті.

Қазақстан тарихы пәні бойынша Бахыт Шаймардановна Ибраева «ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік дамуы» тақырыбында Қазақсанның осы кезеңдегі саяси,экономикалық, әлеуметтік тарихын талдаудың жүйесін практика жүзінде түсіндіріп, пәннен «ҰБТ-ға дайындықтың механизмі» бойынша оқушыға берілетін консультацияның негізгі элементін талдады.

Семинар жоспары бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сайран Сагатовна Джамалбаева түлектерді ҰБТ-ға дайындауда тест орталығындағы байқау сынақтармен тестілеудің маңыздылығына тоқталып өтті. «ҰТО филиалындағы байқау сынақтары – тестілеу технологиясының негізгі тәсілі» баяндамасы тыңдалып, таныстырылымы көрсетілді. Онда байқау сынақтары ҰБТ кезінде пайдаланатын  аудиторлық қорды қолдану арқылы және мектеп бітірушілердің ерікті қатысуымен ҰБТ кезіндегідей жағдайларға барынша жақын өткізілетіндігі айтылды: бейнекамерамен бақылау, оқушыларды металл рамасынан өткізу, аудиториядағы тәртіптің қадағалануы, оқушылардың сынақ материалдарымен жұмысы, кезекші мұғалімдер мен бақылаушылардың белгіленуі. Осындай сынақтардан жиі өткен түлектің әр пән бойынша жаңадан ашатын сұрақтарының саны, оның жекелей, сыныптасының нұсқаларын ауысып қолданғанда, артып отыратындығына көпшіліктің назарын аудартты. Сынақтың түлектердің білім деңгейлері мен алдағы тестілеуге дайындығын бағалауға мүмкіндігін айтып өтті. Ұстаздарға ҰБТ-ға дайындылуда мұғалімнің мақсаттары мен мұғалімге қойылатын талаптар, ҰБТ-ға дайындық кезінде кездесетін қиындықтар, ҰБТ-ның ұтымдылығы,ҰБТ нәтижесіне әсер ететін жағдайлар, оқушыларға психологиялық көмек, ҰБТ тапсырған оқушылардың кеңестерінен мысалдар, тестке дейінгі және тесттен оқушылардың жай-күйі мен қуанышты сәттері фотосуреттерінен таныстырылымдық слайд-шоу көрсетілді. Семинардың қатысушыларына ҰБТ-ға дайындық жүргізуде әдістемелік көмек ретінде электронды нұсқамен математикадан орыс,қазақ тілінде логикалық тесттер мен тапсырмалар, физика-математикадан тақырыптық тесттер, биологиядан өсімдіктер дүниесінің кестелік сызбаларының топтамалары берілді. Мұғалімдердің семинардан алған әсерлері мен ұсыныстарын  ескеріп, белгіленген жоспар бойынша алдағы уақытта Май, Ақтоғай ауданының 11-сынып оқушылары үшін пәндік-консультациялар ұйымдастырылып өткізілетін болады.

Джамалбаева С.С.-оқу ісі жөніндегі гимназия

директордың орынбасары